Синоптиктер 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

215

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4 сәуір, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Синоптиктер 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады Фото: canva.com

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі Батыс антициклонының ықпалында болады. Сондықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Тек елдің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай жарқылдайды.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, батыста, оңтүстікте жел күшейеді.

Түркістан облысында дауыл тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу