Синоптиктер 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады

182

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Синоптиктер 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады Фото: Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 5 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз шаңды дауыл тұрады. Күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні - 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада жоғары өрт қаупі бар.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында аракідік нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-18 м/с болады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда төтенше өрт қаупі бар.

Түнде Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында топырақ беті қатып, сынап бағаны бір градус суықты көрсетеді, үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда жоғары өрт қаупі бар.

Күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман болады. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ беті қатады, сынап бағаны бір 1 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Түркістан қаласында күндіз кей уақыттарда шаңды дауыл тұрады. Күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Астанада солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу