Синоптиктер 5 өңірде ескерту жариялады

1027

Ақмола, Атырау, Қостанай және Қызылорда облысында  ауа райы құбылады.  

Синоптиктер 5 өңірде ескерту жариялады

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Атап айтқанда, Ақмола облысының басым бөлігінде 13 маусым күндіз жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Өңірдің жекелеген аумағында өрт тұтану қаупі болады.

Көкшетауда 13 маусым күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 15-18 метрді құрайды.

Атырау облысында 35-39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Бесінші санаттағы өрт қаупі туралы ескертілуде.

Атырауда күндіз 37-39 градус ыстық сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстікке ауысып, жылдамдығы түнде және күндіз 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында 40 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін. Күндіз 15-20 м/с шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде 41 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу