Синоптиктер 8-10 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

1231

Синоптиктер алдағы тәулікте күн суыта бастайтынын хабарлады.

Синоптиктер 8-10 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Өткен демалыс күндері еліміздің барлық аймағында күн жауын-шашынсыз болды, ауа температурасы 4…9°С аралығында сақталды. Дегенмен синоптиктер алдағы тәулікте күн суыта бастайтынын хабарлады.

"Алдағы тәулікте батыс облыстарында бұлтты ауа райы, кей жерлерде жаңбыр күтіледі және ауа температурасы төмендейді. Солтүстік-батыста 9 қыркүйекте, солтүстік және орталықта 10 қыркүйекте кей жерлерде жаңбыр, найзағай болуы мүмкін және ауа температурасының  біртіндеп төмендеуі күтіледі",– делінген Қазгидромет болжамында.

Дегенмен шығыс өңірде әлі де күн шуақты болмақ, тек таулы жерлерде өткінші жаңбыр жауады, дейді синоптиктер.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста да таулы аймақтарда өткінші жаңбыр және найзағай күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу