Синоптиктер алдағы күндердің ауа райын болжады

813

Синоптиктер алдағы күндердің ауа райын болжады

13-15 маусым аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жылы ауа райы сақталып, ауа температурасы кей жерлерде +30..+38 градусқа дейін жоғарлайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, Батыс Қазақстан үстінде қалыптасқан циклондар, алдағы үш тәулікте республиканың орталық және солтүстік облыстары арқылы солтүстік-шығыс бағытына жылжитын болады. Алайда, осы циклонға кіретін ауа ағымы жүйесі аймақтың оңтүстік және оңтүстік-шығыс ауа-райына әсер етеді. 15 маусымда Қазақстанның шығыс облыстары да осылардың ықпалына  түседі. Осы аймақтың кей жерлерінде өткінші жаңбыр мен найзағай ойнап, екпінді жел тұрады, ал солтүстікте бұршақ болуы мүмкін. Дегенмен, кей жерлерде ауа температурасы +30..+38 градусқа дейін жоғарылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу