Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

1755

Елордада алдағы күндері жауын-шашын күтіледі.

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Бүгін елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +14 градусқа дейін жылынады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің хабарлауынша, бүгін, 24 сәуірде көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +12+14°С шамасында.

25 сәуірде көшпелі бұлт шығады, кейде жаңбыр жауады. Шығыстан 9-14 м /с, күндіз екпіні 15-20 м /с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде +4 +6°С, күндіз +12 +16 °С көрсетпек.

26 сәуірде күн бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м /с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2 +4°С, күндіз +4 +6°С құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу