Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

329

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы күтілуде.

Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады Фото: Inbusiness.kz

Синоптиктер 19-21 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Метеорологтар атап өткендей, аязды ауа райы аяқталуда. Қазақстан аумағына Гольфстриммен жылытатын Солтүстік Атлантикалық тектес ауа массалары енеді, соның салдарынан еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы күтілуде.

"Келесі Солтүстік Атлантикалық циклонға байланысты ауа райы бұзылады, бұрқасынмен бірге қар жауады, алдымен Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде, 21 желтоқсанда күндіз солтүстігінде және орталығында қар жауады, арты жаңбырға ауысады. Ал күндізгі термометрлер бірте-бірте 2 градус аязға дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу