Синоптиктер алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болатынын болжады

331

Қазгидромет мамандары 27-29 шілде күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатынын болжады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Синоптиктер алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болатынын болжады Фото: Эксперт

27 шілдеде оңтүстік-шығыста, 27-28 шілдеде батыста, оңтүстік-батыста, 28-29 шілдеде республиканың солтүстік-батысында өте қатты ыстық, яғни +40+43 градус аптап болады.

"Алдағы тәуліктерде атмосфералық бөліктердің өтуі әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 28 шілдеде солтүстікте, 28-29 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Сонымен қатар бұрқасын соғады деп болжанды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу