Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 8 қала тұрғындарына ескерту жасады

333

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 8 қала тұрғындарына ескерту жасады Фото: zonakz.net

"2024 жылғы 21 ақпанда Ақтөбе, Атырау, Алматы, Астана, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Риддер, Семей, Өскемен қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу