Синоптиктер Астана мен 13 өңірде ескерту жариялады

521

"Қазгидромет" РМК 16 сәуірде ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Синоптиктер Астана мен 13 өңірде ескерту жариялады Фото: vlast.kz

Қостанай облысының оңтүстік жартысында жауын-шашын күтіледі, кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні – 23 м/с, күндіз оңтүстігінде 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Қарағанды облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың шығысында найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Жылдамдыңы – 15-20 м/с.

Ұлытау облысының басым бөлігінде күші 15-20 м/с құрайтын жел соғады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыс орталығында жылдамдығы 23-28 м/с артады.

Астана қаласында жаяу бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел болжанады.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

ТүндеАқтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз шығысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын болжанады. Облыстың шығысында көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы кей уақытта 23 м/с күшейеді.

Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні кей уақытта 23-28 м/с жетеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 17 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жауын-шашын, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады. 16 сәуірде өңірдің солтүстігінде, батысы мен таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. 17 сәуірде облыстың таулы аудандарында тұман болады. 17 сәуірде желдің екпіні 23-28 м/с құрайды, тау асуларында 30 м/с және одан жоғары болуы ықтимал. 17-20 сәуірде түнде облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

17 сәуірде түнде Жамбыл облысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Өңірдің оңтүстігі мен таулы аудандарында түман, көктайғақ болады. Екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Күндіз 16 сәуірде, тәулік бойы 17 сәуірде күші 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін. 17-21 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус үсік жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу