Синоптиктер бес облыстың ауа райына байланысты ескерту жариялады

620

Қазақстанның бес облысының ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктер бес облыстың ауа райына байланысты ескерту жариялады

Ақмола облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде шығыста, Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін.

"Қарағанды облысының батысы мен шығысына түнде тұман түседі. Жезқазған қаласында түнде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с", – деп жазды ведомство.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу