Синоптиктер болжамы: 8 наурызда ауа райы қандай болады?

606

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 8 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.  

Синоптиктер болжамы: 8 наурызда ауа райы қандай болады? Фото: agrosektor.kz

Елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маңғыстау облысының орталығында нөсер жаңбыр жауады.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Астанада түнде және таңертең тұман болады деп болжанып отыр.

Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында да тұман түседі.

Абай облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жел соғып, екпіні 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу