Синоптиктер демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды

716

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады.

Синоптиктер демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады.

Оңтүстік өңірлерде күн жылы болғанымен, ара-тұра жаңбыр сіркірейді.

Ал солтүстік аймақтарда тұман түсіп, кей жерлерде ызғарлы жел тұрады.

"28-30 наурыз аралығында Түркістан мен Жамбыл облыстарының тау етегінде орналасқан аудандарында, сонымен қатар, 30 наурызда Алматы облысының және Алматы қаласының маңындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі", – делінген Қазгидромет болжамында.

Сондай-ақ, солтүстік, батыс, шығыс өңірлердің де өзен-көлді аймақтарында қардың жылдам еруінен су көтерілуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу