Синоптиктер еліміздің басым бөлігін тұман басады деп болжады

505

Солтүстік-батыс антициклон сілемінің әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады. 

Синоптиктер еліміздің басым бөлігін тұман басады деп болжады Фото: Otyrar.kz

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстігінде, орталығында ғана жаңбыр жауады. Елімізде түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста және солтүстікте екпінді жел соғады.

  • Астанада – көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстіктен жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +17+19°С.
  • Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +21+23°С.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу