Синоптиктер ескертеді: 9 ақпанда қатты боран соғады

234

Синоптиктер 9 ақпанда Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Синоптиктер ескертеді: 9 ақпанда қатты боран соғады Фото: Inbusiness.kz

Циклонның орталығы Самара үстінде және онымен байланысты атмосфералық фронталь учаскелері Қазақстанның бүкіл аумағына ықпал етеді: жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, солтүстікте бұрқасын жауын жауады. Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман, желдің күшеюі, солтүстік-батыс пен солтүстікте бұрқасынмен бірге өте күшті жел болжанады.

"Ақмола облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, Абай облысының орталығында, түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында секундына 30 метр және одан да көп қатты жел соғады деп болжанды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу