Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың батысында жаңбыр, кей уақытта найзағай мен бұршақпен қатты жаңбыр оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын – шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста шаңды дауылмен, солтүстік – батыста тұман күтіледі.
Түнде Алматы облысы мен Жетісу облысында, Қостанай, Ұлытаудың солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1-6 градус үсік күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз таулы аудандарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        