Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 20-22 желтоқсанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталмақ.
Синоптиктердің болжауынша, қар жауып, боран соғады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.
Суық арктикалық ауа массаларының әсерінен республиканың барлық дерлік аумағында ауа температурасының төмендеуі күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, республика орталығында 15-28 аяз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу