Синоптиктер: Қазақстанның 9 облысында су тасқыны қаупі бар

567

Қауіпті аймақтардың тізімін "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі жариялады, деп жазады inbusiness.kz.  

Синоптиктер: Қазақстанның 9 облысында су тасқыны қаупі бар Фото: ortcom.kz

"Тәуекел деңгейі жоғары өңірлер: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы облыстары және Жетісу облысы.  Тәуекелдері орташа: Павлодар, Атырау және Ұлытау облыстары.  Төмен тәуекел: Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары", - делінген болжамда.

Қазақстанның жазық өзендеріндегі көктемгі су тасқыны қалай болатыны 1 наурызда жасалған гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеулердің деректеріне негізделген.

"Қазгидромет" РМК өңдеген NASA спутниктерінің қашықтан зондтау (жерді қашықтықтан зондтау) суреттері бойынша 2023 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан аумағының қар басқан аумағы 72% құрайды.  Жауын-шашын мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұздық режимдерін талдай отырып, су басу қаупі бар аймақтарға алдын ала баға берілді", - деп түсіндірді синоптиктер.

Мәселен зерттеу нәтижесіне сай Қарағанды (Нұра өзенінен басқа), Ұлытау, Ақмола (Жабай өзенінен басқа), Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында ылғал қорының көлемі орташа жылдық көрсеткіштерден 13-44%-ға төмен екені анықталған.

Ал, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында ылғалдылық орташа бұрынғы деректермен салыстырғанда 37% және 74% жоғары.

"Топырақтың күзгі ылғалдану көрсеткіштері Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының өзен алаптарында орташа жылдық көрсеткіштерден жоғары.  Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Ақтөбе облыстарындағы өзен алаптарында орташа жылдық мәндерден төмен", - делінген хабарламада.

Осылайша Қазгидромет қатты жаңбыр жауған жағдайда Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында және шығысында таулы өзендердің бойында еріген жаңбырлы су тасқыны өтуі мүмкін деп болжайды.

 "Синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, 2023 жылдың наурыз айында республика аумағының басым бөлігінде жылы және жауын-шашынды болады деп күтілуде", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу