Синоптиктер Қазақстанның басым өңірінде ескерту жариялады

446

"Қазгидромет" РМК 8 сәуірде ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Синоптиктер Қазақстанның басым өңірінде ескерту жариялады Фото: inbusiness.kz

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында тұман болады.

Ақтөбе облысының шығысы мен орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысын тұман басады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, шығысы мен таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болып, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігі мен шығысында найзағай болжанады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде өңірдің оңтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 25 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 8-9 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, 8 сәуірде бұршақ күтіледі. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу