Синоптиктер қазан айына арналған ауа райы болжамын жариялады

442

Қазан айында тұман, көктайғақ және жел болады.  

Синоптиктер қазан айына арналған ауа райы болжамын жариялады Фото: facebook/myAlmacity

Салқын ауа райымен басталған қазан айы бірінші және екінші онкүндіктерінің ортасында жылы күндермен қуантады. Бірақ айдың аяғында қыстың жақындағанын тағы да еске салады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, бірінші онкүндіктің екінші жартысында Орталық Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массаларының шығарылуымен түнгі және күндізгі температураларының жоғарылауы күтіледі.

Бірінші онкүндікте:

  • елдің батысында түнде +7+12°С дейін күндіз +17+25°С дейін;
  • солтүстігінде, шығысында түнде +2+8°С дейін, күндіз +10+18°С дейін;
  • республиканың шығысында түнде +2+7°С дейін, күндіз +15+23°С дейін;
  • оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +5+12°С дейін, күндіз +20+28°С дейін.

Онкүндіктің соңында Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында ауа температурасының шамалы төмендеуі күтіледі. Елдің оңтүстік жартысы мен шығысында бұл суық толқын екінші онкүндіктің басына келеді.

Екінші онкүндікте елдің басым бөлігінде қайтадан жылыну күтіледі, ауа температурасы күндіз +13+18°С, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +22+27°С дейін жылынады.

Үшінші онкүндікте ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

  • Түнде жекелеген күндерде ауа температурасының -1-6°С дейін, елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде -7-12°С дейін, күндіз 0,+8°С дейін төмендеуі күтіледі.
  • оңтүстіктің жартысында ауа температураның түнде -1-6°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан +13+20°С-қа дейін ауытқуы болжанады.

Бір ай ішінде ауа-райы тұрақсыз болуы мүмкін деп болжанады. Тұман, көктайғақ, екпінді жел, айдың екінші жартысында елдің солтүстік жартысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу