Синоптиктер: Шығыста аяз сақталады

93

"Қазгидромет" синоптиктері 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.  

Синоптиктер: Шығыста аяз сақталады Фото: semeynews.kz

Метеорологтардың мәліметінше, ел аумағына солтүстік-батыс циклоны ықпал етіп, қар жауып, боран соғады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"19 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклоны және оған байланысты атмосфералық фронттар айқындайды. Қар жауып, боран соғады, ал елдің батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі", – деп жазылған "Қазгидромет" баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ республика аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді деп болжанып отыр.

Атап айтқанда:

  • Астанада көшпелі бұлт, қар, жел 15-20 м/с., ауа температурасы түнде -13…-15°C, күндіз -5…-7°C.
  • Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с., түнде температура -5…-7°C, күндіз -1…+1°C.
  • Шымкентте көшпелі бұлт, қар, жел 5-10 м/с., ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз -1…+1°C.
  • Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы +1…+ 3°C, күндіз + 3…+5°C.
  • Ақтөбеде көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы -3…-5°C, күндіз -1…-3°C.
  • Атырауда көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, түнде жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы -2…-4°C, күндіз 0…+2°C.
  • Жезқазғанда көшпелі бұлт, қар, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы -12…-14°C, күндіз -7…-9°C.
  • Қарағандыда көшпелі бұлт, қар, жел 7-12 м/с., ауа температурасы түнде -13…-15°C, күндіз -8…-10°C.
  • Көкшетауда көшпелі бұлт, қар, жел 9-14 м/с., түнде ауа температурасы -11…-13°C, күндіз -4…-6°C.
  • Қонаевта көшпелі бұлт, қар, жел 9-14 м/с., түнде ауа температурасы -5…-7°C, күндіз -1…-3°C.
  • Қостанайда бұлтты, қар, жел 15-20 м/с., …-12°C, күндіз -2…-4°C.
  • Қызылордада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз -2…-4°C.
  • Павлодарда бұлтты, қар, жел 9-14 м/с., ауа температурасы түнде -15…-17°C, күндіз -6…-10°C.
  • Петропавлда бұлтты, қар, жел 15-20 м/с., ауа температурасы түнде -14…-16°C, күндіз -5…-7°C.
  • Семейде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с., ауа температурасы түнде -15…-17°C, күндіз -7…-9°C.
  • Талдықорғанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с., түнде ауа температурасы -12…-14°C, күндіз -1…-3°C.
  • Таразда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с., ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз 0…-2°C.
  • Түркістанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз -1…-3°C.
  • Оралда көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 9-14 м/с., түнде және күндіз ауа температурасы -1…-3°C.
  • Өскеменде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., ауа температурасы түнде -20…-22°C, күндіз -10…-12°C.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу