Синоптиктер жел күшейетінін ескертеді

1151

Синоптиктер жел күшейетінін ескертеді

Астана және Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша 1 қазанда көшпелі бұлт, күндіз кей кездері жауын жауады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +16+18°С. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа қарай ауысады 5-10 м/с.

Сейсенбі, 2 қазан көшпелі бұлт, түнде және таңертең кей кездері жауын жауады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +3+5°С, күндіз +10+12°С.

Сәрсенбі, 3 қазан, көшпелі бұлт күтіледі, жауын-шашын байқалмайды. Жел батыстан, оңтүстік-батысан соғады 7-12 м/с. Температура түнде +2+4°С, күндіз +13+15°С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу