Синтетикалық есірткі өндіруге арналған 7 ірі зертхана жойылды

515

Есірткіні жарнамалаған және сатқан 840 сайт бұғатталды.

Синтетикалық есірткі өндіруге арналған 7 ірі зертхана жойылды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында айтқан тапсырмаларын іске асыру аясында елімізде есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыспен күрес жүйелі жүргізіліп жатқанын айтты. 

"Есірткі айналымына қарсы күреске жіті назар аударамыз. Бүгінгі күні полиция күші есірткімен айналысатын ұйымдасқан топтарды ұстауға және есірткі тасымалдайтын арналарды жоюға бағытталып отыр. Осыған қатысты 1750 қылмыс ашылып, 1082 есірткі сату фактісі тіркелді. 22 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 83 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. Есірткі сататын сайттардың электронды мекенжайы жазылған 3,5 мың граффити өшірілді. Есірткіні жарнамалаған және сатқан 840 сайт бұғатталды. Синтетикалық есірткі өндіруге арналған 7 ірі зертхана жойылды. Олардан 40 кг есірткі мен 140 литр прекурсор тәркіленді", – деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Нұржан Көшкенов
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу