Синтетикалық есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

534

Синтетикалық есірткілер әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сатылған. 

Синтетикалық есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағына аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні кіргізудің және сатудың тұрақты арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, "Мефедрон" және "альфа-PVP" әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы саудаланған.

"Есірткі жасырын орындардың координаттарын беру арқылы бетпе-бет кездесусіз алынып отырған. Жинақталған бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі ұсталды. Тінту барысында заңсыз айналымынан 103 келі синтетикалық есірткі алынды. Өлімге әкелетін "тауарды" Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қалаларында тарату көзделген", - делінген хабарламада,

ҰҚК есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жалғасып жатқанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу