Синтетикалық есірткі жасайтын зертхана ашқан үш жарөспірім ұсталды

607

Олар қылмыстық әрекеттерін жалдамалы пәтерде жүзеге асырған.

Синтетикалық есірткі жасайтын зертхана ашқан үш жарөспірім ұсталды

Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында айтты. Оның айтуынша қазір жасөспірім балалардың үстінен іс қозғалған. 

"Қарағандыда есірткі бизнесімен күрес қызметі синтетикалық есірткі жасайтын зертхана ашқан үш жасөспірімді ұстады. Олар зертхана үшін арнайы пәтер жалдаған. Тінту барысында есірткі жасауға арналған құрылғылар мен химиялық қоспалар табылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сонымен қатар арнайы сараптамалар тағайындалды. Ішкі істер министрлігі ата-аналарға бала тәрбиесіне көңіл бөліп, оларды қараусыз қалдырмауға және мінез-құлқын бақылауға кеңес береді", – деді Нұрділдә Ораз.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған шетел азаматы ұсталған. Ол да қалада жеке үй жалдап, кейін рұқсат етілмеген затты Алматыда саудалап келген. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу