Синтетикалық есірткі жыл сайын арзан әрі қолжетімді болып отыр – Президент

1026

Соңғы үш жылда айналымнан алынатын "синтетика" көлемі 10 есе артқан. 

Синтетикалық есірткі жыл сайын арзан әрі қолжетімді болып отыр – Президент

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына Жолдауында айтылды,  деп жазады inbusiness.kz. 

"Синтетикалық есірткіні тұтынудың артуы ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Теріс динамика байқалады. Соңғы үш жылда айналымнан алынатын "синтетика" көлемі 10 есе артқан. Синтетикалық есірткі жыл сайын арзан әрі қолжетімді болып отыр. Олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы еш кедергісіз сатылып, тіпті үйге дейін жеткізіледі", – деді Мемлекет басшысы. 

Президент синтетикалық есірткілерді өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипатқа ие болу керектігіне тоқталды. 

"Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу қажет", – деді ол.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу