Синтетикалық есірткіні жарнамалау мен таратудың жауапкершілігі күшейтілді

760

Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының жолдауында жүктелген тапсырманы орындау мақсатында белсенді жұмыс атқарып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап. 

Синтетикалық есірткіні жарнамалау мен таратудың жауапкершілігі күшейтілді

"Президент Қазақстан халқына жолдауында елдегі тұрақтылықты, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін, олардың құқығы мен заңды мүддесін қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, министрлікке нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуына байланысты болашақ ұрпақтың әл-ауқатына төнетін қауіпті айрықша атап өтті. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр", – деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, синтетикалық есірткіні бақылауға енгізу тетігі жеңілдетіліп, 
оны жарнамалау және интернет арқылы таратудың жауапкершілігі артты.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу