Сарапшылардың мәліметінше, Duster-дің екінші буыны жолда жиі бұзылады. Бұл машинаның жарық беру және тежеуіш жүйесінен ақау шығады. Мамандар Nissan Jukе-ті нашар бағалады. Жапониялық көлік Қазақстанда танымал болғандықтан, оған қатысты пікір біз үшін маңызды. Білгіштер оның әлсіз аспасына шүйлікті. Renault Captur, Suzuki Vitara мен екінші буындағы Nissan Qashqai анағұрлым жоғары бағаланды.
Сарапшылар 2015 жылы сатылымға шыққан Mazda CX-3 пен Audi Q3-ті ең сенімді кроссоверлер қатарына қосты.
Олжас Оқас
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу