Сирек кездесетін металдардың әлеуеті зор аумақтары табылды

150

Күйректікөл учаскесі перспективалы кен орны болып есептелінеді.

Сирек кездесетін металдардың әлеуеті зор аумақтары табылды Фото: egemen.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев сирек кездесетін металдар саласын дамыту бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сирек кездесетін металдар саласын дамыту шеңберінде 12 учаскеде мемлекеттік геологиялық ізденіс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Күйректікөл учаскесі перспективалы кен орнына жатады. Оның қорында лантанидтерді қоса алғандағы 800 мың тоннадай сирек кездесетін жер металдары бар. Бұл қорды екі есе арттыру әлеуеті бар. Сондай-ақ, сирек кездесетін жер металдарын барлау жұмыстарын шетелдік Cove Capital және HMS Bergbau жүргізуде", – деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, салаға инвестиция тарту мақсатында осмий мен ренийді қоспағанда, сирек кездесетін жер металдарының баланстық қоры туралы деректерді құпиясыздандыру бойынша жұмыс жүргізуде. 

Осы жылдың соңына дейін аталған жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу