Санақ мәліметіне сенсек, бұл жерде 900-ге жуық сібір тау ешкісі мекендейді, бірақ камераға түсуі қиын, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Сирек мекендейтін сілеусін, сібір тау ешкісінің видеокамераға түсуі бірінші рет емес.
Сілеусін – еліміздің таулы аймақтарында, соның ішінде Катонқарағай ұлттық паркіндеде мекендейтін жабайы мысықтар түрі. Бұл жануарлар, әдетте, адамдардың назарынан тыс, бірақ олардың популяциясын қорғау өте маңызды. Сілеусіндер биологиялық тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады әрі олар жыртқыштар қатарында, - деп жазды ұлттық парктің ресми парақшасы.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мамандары мұндай кадрлардың жабайы табиғаттың өмірін зерттеуге, қорғауға маңызды дереккөз саналатынын айтады.