Сирек тілдерді меңгерген дипломаттарға ғана төлем жасалады

209

Дипломатиялық қызмет ардагерлеріне бұрын халықаралық ұйымдарда істеген азаматтар теңестіріледі.

Сирек тілдерді меңгерген дипломаттарға ғана төлем жасалады Фото: bkstravel.com.tr

Сенаттың жалпы отырысында кейбір заңнамалық актілерге дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сенатор Дархан Қыдырәлінің сөзінше, әзірленген заң бойынша бірқатар заңдарға өзгеріс енгізілді. 

"Атап айтқанда, "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" заңынан Сыртқы істер министрлігінің 11 функциясы, 4 артық нақтыланған норма, "Дамуға ресми көмек туралы" заңынан 6 функциясы алынып тасталды, "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заңына құқықтық олқылықты жою мақсатында редакциялық түзету енгізілді. Бұлар қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде және басқа да заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде қарастырылған. 
Заңда Сыртқы істер министрлігі қызметінің ерекшелігін ескере отырып, дипломатиялық қызмет ардагерлеріне бұрын халықаралық ұйымдарда қызмет атқарған азаматтарды теңестіру көзделген", – деді сенатор.

Бұдан басқа дипломатиялық корпустың біліктілігін арттыруға және өзін-өзі жетілдіруге ынталандыратын дипломатиялық қызметшілердің шет тілдерін білгені үшін төлемдері өзгертілді. 

Халықаралық шарттарды басқарудың электрондық жүйесі енгізілді. 

"Үкіметке Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан дипломатиялық қызмет органдарына бекітілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару тәртібін бекіту бойынша құзырет беру бекітілді. Осы өзгеріс Үкіметке мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен қатар Сыртқы істер министрлікті осындай иеліктен шығаруды жүзеге асыратын орган ретінде айқындауға мүмкіндік береді", – деді Дархан Қыдырәлі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу