Сіріңке үшін танысын өлтіріп, денесін тоңазытқышта сақтаған екі ер адам сотталды

Олар қанды қылмысты жасағаннан кейін, екі күннен соң адам сенгісіз іс-әрекетке барған. 

Сіріңке үшін танысын өлтіріп, денесін тоңазытқышта сақтаған екі ер адам сотталды Фото: stan.kz

Полиция мұндай оқиғаға жоғалған адамды іздеу кезінде тап болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақтөбе облысында адам денесін асүй пышағымен бөлшектеген ер адам және қылмысты хабарламаған танысы сотталды. Олар әуелде сіріңкені таппай сөзге келіп, кейіндау өрши түскен. Соңы адам өліміне әкеліп, қылмысты жасыру үшін денесін бөлшектеп, тоңазытқышқа салған. 

Іс материалдарына сүйенсек, қылмыс 25 қыркүйекте Хромтау ауданында тіркелген.

Сотталушы Панаскин кешкі сағат 23:00-дер шамасында танысы Михаил Лукиннің есігін қаққан. Үйде ортақ танысы 1982 жылы туған Денис Кузменко болған. Олардың бірге ішімдік ішкені анықталып отыр. 

Оқиға былайша өрбіген. Сіріңкеден басталған дау Панаскиннің бірнеше рет Кузьменконы ұруымен жалғасады. Кейін пышақты сұғып алады. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмады. Кейін Панаскин мен Лукин пәтерден кетіп қалған. 

27 қыркүйек күні шамамен сағат 03:00-де Лукин аса ауыр қылмысты жасыру үшін пәтерге қайта келіп, денені мүшелеуді ойлайды. Дененің бір бөлігін карьерге апарса, өзге мүшелерін бөліп, иіс шықпас үшін тоңазытқышта сақтаған. 

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билердің қатысуымен Хромтаудағы қанды оқиғаға қатысты үкім оқылды. Олардың бірі жасаған ісі үшін өкінетінін айтса, екіншісі сот үкімімен келіспеді.

Қылмыстық іс бойынша 38 және 40 жастағы екі сотталушыға екі түрлі баппен айып тағылды. 

– Сот-наркологиялық сараптама қорытындысына сүйенсек, Лукин мен Панаскин психикалық ауруға шалдыққан. Ішімдікке тәуелді. Панаскин мен Лукин ішімдіктен мәжбүрлі түрде емделіп, психиатрдың қарауына алынады. Константин Панаскин қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен (кісі өлімі) бойынша айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Михаил Лукин Қылмыстық одекстің 439-бабы (қылмысты жасырып қалу) бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, – деді судья Сабыров.

Екеуі де жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу