Сирия әскері 30 желтоқсан күні түнде жалпы ел аумағында әскери қимылдарды тоқтатады

783

Сирия әскері  30 желтоқсан күні түнде жалпы ел аумағында әскери қимылдарды тоқтатады

Сирия әскері  30 желтоқсанда түнгі сағат 00:00-де Сирияның жалпы аумағында әскери қимылдарды тоқтатады. Бұл туралы Сирияның қарулы күштері қолбасшылығының бейсенбі күнгі мәлімдемесінде айтылды.

"Сирияның қарулы күштері бірқатар бағыттарда қол жеткізген жеңістерінен кейін  қолбасшылық 30 желтоқсан сағат 00:00-де Сирия Араб Республикасының барлық аумағында әскери қимылдарды толықтау тоқтататындығын жариялайды", - деп келтіреді мәлімдемені SANA агенттігі.

Мәлімдемеде бұл ымыраның "Ислам мемлекеті (ИМ) және "Жебхат ан-Нусра"  лаңкестік топтарына, сондай-ақ олармен байланысы бар қарулы топтарға қатысы жоғы айтылады.

 "Оқ атуды тоқтату туралы келісімнің мақсаты – дағдарысты саяси реттеу процесі үшін қолайлы жағдай тудыру", - деп атап өткен басшылық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу