Сирия әскері Алеппоның шығысын өз бақылауына алды

846

Сирия әскері Алеппоның шығысын өз бақылауына алды

Сирияның үкімет әскері Алеппоның шығыс бөлігіне басып кірді. Елдің бұл аймағы түрлі лаңкестік топтардың бақылауында болатын. Қазір сарбаздар Баидин алаңына қарай бет түзеді. Олар содырлардан тірі қалқан ретінде пайдаланған тұрғындарды босатып, соғыс оты шарпыған аймақтарды тастап шығуына мүмкіндік берулерін талап етті, деп хабарлайды 24 Хабар.

Ал Алеппоның батысында қаруланған оппозиция мүшелері БҰҰ-ның кеңсесіне оқ жаудырды. Әзірге адам шығыны туралы ақпарат жоқ.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, кеңседегі қызметкерлердің барлығы қауіпсіз аумаққа шығып үлгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу