Сирия әскерінің шабуылынан 85 бейбіт тұрғын көз жұмды

670

Сирия әскерінің шабуылынан 85 бейбіт тұрғын көз жұмды

Сирия әскерінің шабуылынан осы жылдың басынан бері Шығыс Гутаның 85 бейбіт тұрғыны қаза тапқан, деп хабарлайды 24.kz.

Марқұмдардың қатарында 30 бала мен 20-дан астам әйел бар. Бұл туралы БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комиссары Зейд Раад әл-Хусейн хабарлады. Оның айтуынша, аймақтағы тұрғынүйлерге күндіз-түні әуе мен құрлықтан шабуылдар жасалып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, келісім бойынша Шығыс Гута деэскалация аймақтарының біріне кіреді. Бұл құжатқа үш кепілгер ел – Ресей, Түркия және Иран қол қойған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу