Сирия астанасына әуеден шабуыл жасалды

1012

Бұған дейін Израиль қорғаныс әскері осы елдің территориясына оқ жаудырған болатын. 

Сирия астанасына әуеден шабуыл жасалды

Сирия астанасы Дамаск қаласына әуеден шабуыл жасалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті Ikhbariya телеарнасына сілтеме жасап.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныш зымырандарды қағып түсірді. Телеарна Дамаск мен оның айналасындағы зениттік жүйелер жұмысының кадрларын көрсетті.

Әзірге қаза тапқандар, зардап шеккендер, қирап қалған ғимараттар туралы ақпарат жарияланбады. Араб Республикасының аумағына кімнің шабуыл жасағаны да әлі белгісіз. Бұған дейін Израиль қорғаныс әскері осындай шабуыл жүргізген еді. Ол осы елдегі ливандық "Хезболла" қозғалысының нысандарын атқылаған болатын. Израильде террористік деп танылған бұл ұйым Сирия президенті Башар Асадты қолдайды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу