Сирия астанасындағы жарылыстан 6 адам қаза тапты

347

46 адам зардап шекті.

Сирия астанасындағы жарылыстан 6 адам қаза тапты Фото: вести.ру

Сирия астанасы Дамасктің оңтүстігіндегі жарылыс салдарынан алты адам қаза тапты, тағы 46 адам зардап шекті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Синьхуаға АА-ға сілтеме жасап.

Жарылыс ас-Саида-Зейнаб маңындағы ас-Судан көшесінде болды, таксидің жанында мотоциклге орнатылған жарылғыш құрылғы қашықтан іске қосылды, деп хабарлады Сирия Мемлекеттік теледидары.

Сирияның Денсаулық сақтау министрі Хасан әл-Габаштың айтуынша, зардап шеккендердің 20-сы жеңіл жарақат алды, оларға сол жерде көмек көрсетілді, қалғандары ауруханаларға жеткізілді.

Министр жарылыстан кейін оқиға орнына 11 жедел жәрдем көлігі жіберілгенін айтты.

Бұл соңғы 48 сағаттағы осы аймақтағы екінші жарылыс. 25 шілдеде миналанған мотоциклдің жарылуы нәтижесінде екі адам жарақат алды, деп хабарлады Сирияның адам құқықтарының сақталуын бақылау орталығы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу