Сирияның жаңа мемлекеттік елтаңбасы Дамаскіде ресми түрде таныстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сирияның өтпелі президенті Ахмед аш-Шараның айтуынша, бұл өзгеріс ел тарихындағы жаңа кезеңді, сондай-ақ Сирия халқының күш-қуаты мен табандылығын білдіреді.
– Бұл құс – аспанда қалықтайтын ержүрек жауынгер, қырағы аңшы, өз отбасының қорғаушысы. Оның түсі ескірмейтін ең таза металл тәрізді. Сирия халқы ежелден осындай болды, жаңа дәуірде де солай болуы керек,– деді Ахмед аш-Шараа.
Бүгінге дейін Сирияның елтаңбасында екі жұлдыз бен кеудесінде қалқаны бар қыран бейнеленген. Құс табанында "Сирия Араб Республикасы" деген жазуы бар лента болған.