Сирия бойынша келесі халықаралық кездесу қазанда өтеді

1134

Жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу Елордада жоспарланып отыр.

Сирия бойынша келесі халықаралық кездесу қазанда өтеді

1-2 тамыз күндері астанада Сирия бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу өтті. Кездесуге шақырылған барлық тарап өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Ресей делегациясын Ресей Федерациясы президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын Түркия Республикасының сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары Седат Онал басқарып келді. Иран делегациясына Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі жоғары көмекшісі Али Асгар Хаджи басшылық етті.

Сонымен қатар, аталған кездесуге Сириядағы қақтығысушы екі тарап – Сирияның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Башар әл-Джаафари бастаған САР үкіметтік делегациясы және Ахмад аль-Тоума бастаған қарулы оппозиция өкілдері қатысты.

Ирак пен Ливан делегациялары бұл жолғы процеске байқаушы ретінде шақырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркияның бірлескен мәлімдемесі жарияланды. Ресми мәлімдемеде аталған елдер Сирия Араб республикасының территориялық тұтастығы мен бірлігін, тәуелсіздігін, егемендігін және БҰҰ Жарғысының қағидаларын сақтауға бейілді екендіктерін кезекті рет қуаттады.       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу