25-26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 12-ші халықаралық кездесу өтеді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Алдағы кездесуге Иран, Ресей мен Түркия, Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдері, сондай-ақ БҰҰ мен Иорданияның бақылаушылар деңгейіндегі делегациялар қатысады.
Келіссөздердің кезекті раунды Сирия бағытында ең өзекті мәселелерді, соның ішінде босқындар мен ел ішіндегі қоныс аударған адамдарды қайтаруға қолғабыс көрсету, гуманитарлық жағдайды жақсарту және елді қақтығыстан кейінгі қайта қалпына келтіру мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Астана процесіне жаңа бақылаушы мемлекеттердің қосылу мәселесі қарастырылады.