Сирия бойынша келесі кездесу Нұр-Сұлтанда өтуі мүмкін

895

Сочиде Астана форматындағы Сирия бойынша 15- халықаралық кездесу өтіп жатыр.

Сирия бойынша келесі кездесу Нұр-Сұлтанда өтуі мүмкін

Қазақстан СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев қабылдаушы тараптың шақыруы бойынша 16-17 ақпанда Сочиде өтіп жатқан Астана форматындағы Сирия бойынша 15- халықаралық кездесуге қатысты. Бұл туралы СІМ хабарлама таратты, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстандық дипломаттың кездесуге келген делегация басшыларымен кездесулері өтті. Әңгімелесу барысында БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы өкілі Гейр Педерсен мен РФ Президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев Астана процесіне жоғары баға беріп, келесі кездесу Нұр-Сұлтанда өтетініне сенім білдірді",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу