Сирияда ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режиміне кепілдік беруші елдердің делегациясы 21-22 желтоқсанда өтетін келіссөздердің келесі раундына қатысу мақсатында Астанаға келуде, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Ресей делегациясына РФ президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал, Иран делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Хусейн Джабери Ансари басшылық етеді.
Сондай-ақ, алдағы кездесуге Сирия үкіметінің және сириялық оппозицияның, БҰҰ, бақылаушы елдер – АҚШ және Иорданияның өкілдері қатысады.
21 желтоқсанда көпжақты консультациялардың өтуі көзделуде. Жалпы отырыс 22 желтоқсанға жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу