Кепілдік беруші елдерден алынған ақпаратқа сәйкес 2017 жылғы 4-5 шілдеде Астана процесі шеңберінде Сирия жөнінде жоғары деңгейдегі бесінші кездесу барысында Қазақстанның елордасында алдыңғы кездесуде қол қойылған Сирияда қақтығысты бәсеңдету аймақтарын құру туралы меморандумның ережелерін іске асыру бойынша жұмыс жалғастырылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, тараптар қақтығысты бәсеңдету аймақтарының шекаралары мен карталарды, қақтығысты бәсеңдетуге бақылау орнатушы күштердің іс-әрекеттерін регламенттейтін құжаттарды, үйлестіруші орталық туралы ережені келістіру бойынша жұмыс жасайды. Кепілдік беруіш елдер ұсталғандарды/тұтқындалғандарды, қамауға алынғандарды босату, қаза тапқандардың денелерімен алмасу және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу туралы ережені қабылдауға ниетті.
Сондай-ақ, тараптар ЮНЕСКО халықаралық мәдени мұра тізіміне енген Сириядағы тарихи ескерткіштерді минадан гуманитарлық тазарту туралы бірлескен мәлімдемені жасап шығаруды жоспарлауда. Ортақ қызығушылық танытылатын басқа да мәселелер талқылауны мүмкін. Жоғары деңгейдегі кездесу қарсаңында кепілдік беруші елдер 3 шілдеде бірлескен жұмыс тобының отырысын өткізуді көздеп отыр.