Сирия бойынша өтетін келіссөздердің күн тәртібі жарияланады

776

Сирия бойынша өтетін келіссөздердің күн тәртібі жарияланады

12-13 маусым күндері Астана қаласында Сирия мәселесін реттеу бойынша кезекті келіссөздер өтеді, деп хабарлайды kazislam.kz.

"Қазіргі кезде Ресей, Түркия мен Иран өз арасындағы консультацияларды белсенді түрде жүргізіп келеді. Негізгі мақсат - Сирия мәселесін реттеуге арнаған Астана процесі аясындағы келіссөздердің кезекті раундын белгілеу. Ресейдегі әріптестеріміз ол келіссөздерді 12-13 маусым күндері өткізуді қалайтындарын жеткізді. Ол жайында басқа да тараптарға xабарлаған. Кепілдік беретін мемлекеттер жақын күндері, бәлкім, алдағы бірнеше сағаттың ішінде сол кездесудің күн тәртібін жариялайды. Сол кезде қатысушылардың тізімі де белгілі болады", - деді ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов Сирия келіссөзіне қатысты журналистерге берген сұқбатында.

Оның айтуынша, жоспар бойынша бұл кездесуге Ресей, Түркия мен Иран қатысады. Бұдан бөлек, аталған мемлекеттердің шақыруымен Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция келе алады. Сондай-ақ БҰҰ мен бақылаушы елдер де шақырылады.

"Баршаға белгілі, мамыр айында өткен соңғы кездесуде кепілдік беретін мемлекеттер Сириядағы деэскалацияның төрт аймағын құру туралы меморандумға қол қойды. Астанадағы кезекті кездесуде аталған құжатты іске асыру шаралары пысықталмақшы",- деп атап көрсетті Қ. Әбдіраxманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу