Ақпан айының ортасына қарай Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша жаңа келіссөз ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді, деп жазады "Интерфакс".
Министрдің айтуынша, келіссөз міндетті түрде өтеді және "Астана алаңы" өз маңызын жоймайды.
Дегенмен министр әзірге нақты қай күні өткізілетінін айта алмады. Келіссөзге қатысушы елдер ақпан айының ортасына шамалап отыр. "Қазір біз кепіл елдерден мәлімдеме алып жатырмыз. Содан кейін келіссөзге дайындықты бастаймыз", - деді министр.
24 қаңтар күні Астанада Ресей, Түркия мен Иран Сириядағы атысты тоқтату мақсатында бірлескен орган құру туралы бастама көтерген. Шараға БҰҰ, АҚШ, ресми Дамаск пен оппозиция өкілдері де қатысқан болатын.