Сирия қақтығысынан 330 мың адам қаза тапқан

1098

Сирия қақтығысынан 330 мың адам қаза тапқан

6 жыл бұрын басталған Сириядағы қақтығыс салдарынан бүгінге дейін 330,000 мың сириялық қаза тапқан. Бұл туралы адам құқын қорғау обсерватория баяндамасында жазылған, деп хабарлайды kazislam.kz.

Баяндамада көрсетілгендей қаза тапқандардың 99,617-і адам қарапайым тұрғын, 18,243-і жас бала және 11,427-і әйел болып отыр екен. Бұған қоса қарулы қақтығыс майданында 116,774 әсери адамдар қайтыс болған екен. Ал, үкіметке қарсы шығып дүние салған содырлардың саны 58 000-ға жетіп жығылады.

Адам құқын қорғау обсерваториясының мұндай баяндамасы 2011 жылдың 15 наурызы мен 2017 жылдың 15 шілде аралығындағы көрсеткішке негізделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу