Сирия конституциясының жобасында шариғатты елдің құқықтық негізі етуден бас тартылған – дереккөз

1021

Сирия конституциясының жобасында шариғатты елдің құқықтық негізі етуден бас тартылған – дереккөз

Ресей сарапшылары әзірлеп, Астандағы келіссөз барысында  қарулы оппозиция өкілдеріне тапсырылған Сирия конституциясының жобасы шариғат заңдарын елдегі құқықтың көзі ретінде алмауды көздейді, сондай-ақ Сирия Республикасының мемлекеттік құрылымын белгілеп берген, деп хабарлайды "Интерфакс".

"Сирияның атауы Сирия Араб Республикасынан Сирия Республикасына ауыстырылды", – деді агенттіктің өкілі.

"Сириядағы құқықтың негізгі көзі шариғат заңдары болып табылады деген тармақ алынып тасталды", деп атап айтты ол.

РФ президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев Астанадағы келіссөз қорытындысы бойынша  журналистерге Ресей делегациясы оппозиция өкілдеріне Ресей сарапшылары жасаған ел конституциясының жобасын тапсырғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу