Сирия мәселесі бойынша кездесу Мәскеуде өтеді

665

15-16 наурыз күндері Мәскеуде Түркия, Ресей, Асад режимі және Иран сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Сирия мәселесі бойынша кездеседі, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.  

Сирия мәселесі бойынша кездесу Мәскеуде өтеді Фото: aa.com.tr

Агенттіктің хабарлауынша, дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда Мәскеуде Түркия, Ресей, Асад режимі және Иран арасындағы кездесудің күні белгілі болды. 15-16 наурыз күндері өтетін жиында түрік делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары Бурак Акчапар бастап барады.

Жиынға Ресей атынан Владимир Путиннің Таяу Шығыс және Африка елдері бойынша арнайы өкілі Михаил Богданов, Иран атынан сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Али Асгар Хаджи, ал Асад режимі атынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Эймен Сюзан қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу