15-16 ақпанда Астанада Сириядағы ахуалды реттеуге қатысты кезекті келіссөз өтеді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Кепіл мемлекеттердің мәлімдеуінше, жиында Сирия аумағында әскери қақтығыстарды тоқтату, өңірдегі ахуалды тұрақтандыру, бірлесіп жедел шара қабылдау және бейбітшілік режимін күшейтуге қатысты алдағы уақытта атқарылар шаралар келісіліп, Женевада өтетін келіссөзде қолға алынатын жұмыс жайы талқыланады.
Жиынға Иордания, Сирия үкіметінің және қарулы оппозицияның өкілдері шақырылып отыр, сонымен бірге БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі С. де Мистура мен АҚШ өкілдері бақылаушы ретінде қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу