Сирия мен Иракта жүрген қазақстандықтар қатаң тексеріліп жатыр

671

Олар лаңкестік топтарға қатысы жоғы анықталғаннан кейін Қазақстанға беріледі. 

Сирия мен Иракта жүрген қазақстандықтар қатаң тексеріліп жатыр

Сириядағы қазақстандықтарды қайтару жұмыстары жүргізілуде. Мұны мәжіліс отырысына қатысқан сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды Atameken TV.

Вице-министрдің сөзінше, Сирия мен Ирактағы балалалары бар азаматшалардың тұрғылықты мекенжайлары анықталып жатыр. Қазір Иорданиядағы Қазақстан елшілігі мен Ливандағы бас консулдық қазақстандықтарды іздеумен айналысуда. Сондай-ақ вице-министр өзге елде жүргендерді отанына жеткізу үшін ұшақ берілетінін де жеткізді.

"Біріншіден, қазақстандықтардың көпшілігі Сирия мен Ирак биліктерінің қатаң тексеруінен өтіп жатыр. Олардың лаңкестік топтарға қатысы жоғы анықталғаннан кейін қазақстандық тарапқа беріледі. Тіркелген келіншектердің кейбірінің балалары бар екен. Біз бұл азаматтарды террористік әрекетке қатысы бар деп тұрған жоқпыз, арнайы тексеріс біткенше балаларын елге қайтаруды ойлап отырмыз. Ол үшін ата-анасының келісімі қажет", - дейді Мұхтар Тілеуберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу